«РҒТК» КЕАҚ Жамбыл филиалының тарихы

Республикалық ғылыми-техникалық кітапхананың Жамбыл филиалы 1974 жылы құрылған және облыс экономикасының бейіні бойынша әдебиеттерден құралған көп салалы мамандандырылған қордың иесі болып табылады. Қорға сатып алынатын құжаттардың түрлері мен тақырыптары қазір де облыстың қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайына және пайдаланушыларды іскерлік, техникалық, ғылыми, коммерциялық, нарықтық ақпаратпен қамтамасыз етуге бағытталған.

       Кітапхана қорында әртүрлі мақсаттағы барлығы 1 миллион 116 мың дана құжат бар: облыс экономикасының жетекші салалары бойынша кітаптар, журналдар, патенттік және нормативтік құжаттамалар, өндірістік каталогтар, библиографиялық басылымдар. Ақпараттық ресурстардың негізін баспа басылымдары мен құжаттар құрайды, сонымен қатар электронды түрдегі бастапқы көздердің саны артып келеді.

Кітапхана өз пайдаланушылары үшін келесі негізгі топтардың ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз етеді: дәстүрлі (баспа) басылымдар; электронды басылымдар; кітапхана жасаған және сатып алған мәліметтер базасы.

       Республикалық ғылыми-техникалық кітапхананың Жамбыл филиалының қызметі өңіріміздегі қоғам мүддесіне бағытталған. Біз халықтың барлық топтарына, соның ішінде жастарға, өнертапқыштарға, педагогтерге, өндіріс қызметкерлеріне, қала мен облыстың шағын және орта бизнес өкілдеріне ақпараттық қолдау көрсетеміз. Біз барлық өндірістік кәсіпорындарға, мемлекеттік органдарға, оқу орындарына, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, коммерциялық құрылымдарға, қоғамдық ұйымдарға кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетеміз.

       Кітапхана және ақпараттық қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері электронды және дәстүрлі каталогтардан қажетті ақпаратты табуға көмектеседі; тақырып бойынша әдебиет іріктеп береді; кітапхананың қызметтері мен пайдалану ережелері туралы айтып береді.

       Кітапхана ақпаратты тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға және сенімді жеткізуші ретінде беделге ие болуға ұмтылады. Ол үшін кітапхана қызметкерлері ақпарат пен қызметке сұранысты зерттеп, талдайды; кітапхананың ақпараттық мүмкіндіктерін белсенді түрде насихаттайды; кітапхананың мүмкіндіктері туралы ақпаратты жеткізуге және пайдаланушыларды кітапхананың олардың мәселелерін шешуге көмектесе алатынына сендіруге ұмтылады.

       Кітапхана ғылыми ақпаратты өндірушілер мен тұтынушылар арасында делдал рөлін атқарады, ақпаратты мүмкіндігінше пайдаланушыға жақындатады.

       Қызметкерлер жұмысының дәстүрлілігімен қатар соңғы компьютерлік технологияларды пайдаланады және олардың негізінде ақпараттық қызметтің әртүрлі нысандарын қолданады.

       Интернеттің коммуникациялық және ақпараттық мүмкіндіктері, мәліметтер базасының кең таралуы, құжаттарды электронды түрде жеткізу кітапханада пайдаланушыларды ақпаратпен қамтамасыз етудің принципті жаңа ортасын құруға мүмкіндік береді.

       Кітапхананың тауар таңбаларын тіркеу, мемлекеттік стандарттармен, нормативтік-техникалық құжаттамалармен қамтамасыз ету жұмыстары бизнес өкілдерін ерекше қызықтырады. Бүгінде өнім шығаратын әрбір кәсіпкер барлық технологиялық процестердің нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкестігін қадағалап отырады, соңғы әзірлемелерді, озық технологияларды меңгереді, кадрларды оқытады – мұның бәрі өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын арттыруға ықпал етеді.

       Егер сізде қандай да бір инновациялық шешім, жаңа технология идеясы, әзірлемелер болса, Кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету бөліміне хабарласыңыз. Бөлім қызметкерлері патенттік және нормативтік құжаттаманы ұсынады, құжаттың бар-жоғы мен жарамдылығы туралы анықтама береді, құжаттарға электронды тапсырыс жасайды.

Қазақстан патенттік ақпарат институтымен келісім негізінде кітапхана зияткерлік меншікті дамыту мен қорғауға жәрдемдеседі, тауар таңбаларын, өнертабыстарға, өнеркәсіптік үлгілерге, пайдалы модельдерге патент алуға өтінімдерді тіркеу үшін құжаттарды дайындайды. Осы мақсатта кітапханада кеңес беру пункті жұмыс істейді. Кітапхананың ең маңызды міндеті – кәсіби мамандармен қамтамасыз етілген заманауи кітапхана шеңберінде кез келген нысандағы ең толық ақпаратқа географиялық және әлеуметтік шектеусіз еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Оқуда, өндірісте, бизнесте тамаша нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылсаңыз, РҒТК Жамбыл филиалымен келісімге отырыңыз, нәтиже көп күттірмейді.