Кәсіби мерекелеріңізбен, құрметті педагогтер!

Құрметті ұстаздар мен педагогтер!

«РҒТК» КЕАҚ Жамбыл филиалы сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтайды!
Ұстаздық — бұл үлкен төзімділікті, даналықты және өз ісіне деген шексіз сүйіспеншілікті талап ететін мәртебелі мамандық. Сіздер жас ұрпаққа білім беріп қана қоймай, олардың бойына адамгершілік пен құндылықтарды дарытып келесіздер.
Сіздерге берік денсаулық, сарқылмас қуат, отбасыларыңызға амандық және шығармашылық табыстар тілейміз! Еңбектеріңіз әрдайым бағаланып, шәкірттеріңіздің жетістіктері қуаныш сыйласын!
Ізгі тілекпен,
«РҒТК» КЕАҚ Жамбыл филиалы