Материалтану жән металдар технологиясы. Оқулық / Жалпы ред. Басқарған Р. Гшайдле, неміс тілінен аударылған (Автомобиль техникасы: мамандыққа кіріспе). - Астана: Фолиант, 2019.-176 6.
Неміс тіліндегі «Автомобиль техникасы: мамандыққа кіріспе» атты кітаптар сериясы көлік техникасын жобалау, пайдалану және жөндеумен байланысты кешенді міндеттерді шешуге бағытталған адам қызметінің құралдары, тәсілдері мен әдістерінің жиынтығын қамтиды.
Оқулыққа өнеркәсіптің автомобиль жасау саласында қолданыс тапқан өндіріс технологиясы, материалдардың қасиеттері, автомобиль құрылысы, сынау техникасы, сонымен қатар өндірісті ұйымдастыру, коммуникация, қоршаған ортаны қорғау, кәсіпорында еңбекті қорғау, зиянды заттардың шығарылуын төмендету туралы мәліметтер берілген. Серияға бұл кітаптан басқа «Автомобиль құрылысы», «Автомобильдердің электрлік және электрондық құрылғылары», «Автомобильдер мен қозғалтқыштар теориясы» атты оқулықтар еніп отыр.
Оқулықтағы материалдар модульді-құзыретті тәсілге негізделген. Студенттердің жан-жақты білім алулары үшін автомобиль жасаудағы материалтану және металдар технологиясы бойынша көптеген түрлі түсті суреттер, сызбалар, кестелер берілген.
Кітап техникалық және кәсіптік колледждердің арнайы пән мұғалімдері мен 1201000 «Автомобиль жөндеу, пайдалану және қызмет керсету» мамандығының студенттеріне «Материалтану және металдар технологиясы» пәні бойынша білім алуға арналып жазылған.
|